Құрметті Ақсу ауданы әкімінің ресми сайтын пайдаланушылар !

Ұлтымыздың, еліміздің, мемлекеттігіміздің тарихында өзіндік алар ерекше орны бар Ақсу ауданы атынан ауданның ресми сайтына хош келдіңіздер дейміз!
Ауданымыздың ресми сайтының ашылуы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтылғандай «электрондық үкімет» жасақтау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижесі деп есептейміз.
Біздің Ақсу ауданы тарихи және мәдени, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерге өте бай. Бүгінгі ашылып отырған сайт, аудан өмірінің одан әрі жақсара түсуіне өз әсерін тигізеді деген сенімдемін.
Біз ауданымызбен, облысымыздың, жалпы Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне қызмет етуде өзара ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз!
Біздің сайтқа хош келдіңіздер!
Құрметпен,
Ақсу ауданының әкімі Дүйсембаев Әскербек Тұрарбекұлы