USD 324.65
EUR 397.66
RUB 5.74
Погода в Жансугуров °C

Информация

Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы мәлімет:
Аудан бойынша 33 спорт залы, 79 спорт алаңдары, 13 мылтық ату тирі, 2 ашық жүзу бассейні, «Батыр» спорт кешені бар, онда стандартқа сай еркін күрес залы, медициналық бөлме және әдіскер бөлмесі бар, күнделікті жаттығудан кейін түсетін жаңбырлатқыштар бар. Спорттық жабдықтармен қамтамас етілген. «Е.Сиқымов» атындағы орталық стадионда 1200 адамдық трибуна бар, футбол, волейбол, баскетбол алаңы, және жеңіл атлетика жүгіру жолы, ұзындыққа секіру орны барлық талаптарға сай, Қызылағаш ауылында 1 грек-рим күрес залы, 1 тренажорлық зал, 1 теннис залы бар. Спорттық жабдықтармен қамтамас етіліп, спортпен шұғылдануға қызмет етеді, күнделікті жаттығудан кейін түсетін жаңбырлатқыштар бар.
Е.Сихимов атындағы орта мектебіне қарасты жасанды шағын футбол, волейбол алаңы бар.
Қапал ауылында мәдениет үйіне қарасты спорт зал, Суықсай ауылында 1986 жылғы мектеп түлектері күрес залын, күрделі жөндеуден өткізіп кәзіргі таңда жұмыс жасауда.
2015-2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жансүгіров аулының балалар мен жасөспірімдер мектебінде бекітілген жоспар бойынша, оқу – жаттығу топтарында әр түрлі спорттық жарыстар өткізіледі.
Спорттың 12 түрі бар: Еркін күрес, грек-рим, дзюдо, қазақ күрес, белбеу күрес, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, футбол, қол күрес, бокс және жеңіл атлетика.
Оқу – жаттығу үлгісі бойынша 69 топ, жұмыс жасайды, оның ішінде 47 алғашқы даярлау тобы, 22 оқу - жаттығу тобы. Барлық саны 988 оқушы жаттығады.
Оқу-жаттықтыруды 34 жаттықтырушы-бапкер өткізеді. БЖСМ -нде 2 еркін күрес залы, 1 дзюдо күрес залы, 1 тренажорлық залдары бар, спорттық жабдықтармен қамтамас етілген, стандартқа сай волейбол, баскетбол және кіші-футбол жаздық алаңы бар. Жарыс алдында, оқу-жаттығу жиыны кезінде балаларды қалыпқа келтіруге жағдай жасалған және күнделікті жаттығудан кейін түсетін жаңбырлатқыштар бар.
БЖСМ бойынша 13 филиалда 17 жаттықтырушы жұмыс істейді, жаттықтыру сабақтары бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Аудан бойынша «Денсаулық күні», «Күзгі кросс», «Қыс-2016» мәдені спорттық іс-шаралар шағын-футболдан, волейбол т.б. мекеме қызметкерлері арасында жыл бойы өткізілді.
Ауданымызда ұлттық спорт түрлері жақсы дамыған, атап айтсақ ат спорты бойынша барлық ауылдық округтерге көкпар алаңын, қазандықтарын жасау міндеттелінген, 9-мамыр Жеңіс күні, Құрбан айт, т.б. мерекелік шараларда жылына 4-5 ат бәйгесі және көкпар жарысы өткізіледі, сондай ақ, теңге ілу, қыз қуу және аударыспақ жарыстары өткізіліп тұрады, облыстық жарыстарға аудан құрама командасы үнемі қатысуда.
Ұлттық ойындар: тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс ойындары ауданда жақсы дамыған, 22-наурыз мерекесі және де басқада мереке күндері жарыстар ұйымдастырылып тұрады,тоғызқұмалақ БЖС мектебінде үйірмелер жұмыс жасауда
06-07 ақпан күндері Жаналық ауылдық округінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай шаңғы теуден аудандық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
13 ақпан күні Жансугіров ауылының таудың етегінде, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай және «Қыс-2016» мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
27-28 ақпан күндері Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және 8-наурыз Халқаралық әйелдер күні мерекесіне орай волейболдан әйелдер арасында аудандық жарыс ұйылдастырылып өткізілді.
Ақпан айының 27-29 күндері аралығында Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан өткен Алматы облысының біріншілігіне аудан құрама командасы қатысып Г.Тұрғановпен, Г.Жумабек ІІ-орынға қол жеткізді.
02-13 наурыз күндері аралығында ауданның 4 ауылдық округтерінде облыстық «Жетісу бөрісіне» «Ақсу арланы-2016» іріктеу жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық жұмысын үйлестіру;
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мелекеттік мекемесінің «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» филиалының бір шттық сағатпен А.Баймухамбетов жұмыс жасауда, онда үш топта 21 спортшы шұғылдануда, ақпан айының 27-29 күндері аралығында
Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан өткен Алматы облысының біріншілігіне аудан құрама командасы қатысып Г.Тұрғановпен, Г.Жумабек ІІ-орынға қол жеткізді, наурыз айының 09-11 күндері аралығында Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы Спартакиадасының пауэрлифтинг, үстел теннис, жүзуден өткен Алматы облысының біріншілігіне Г.Бикташев пауэрлифтингтен І-орынды жеңіп Республикарық жарысқа Алматы облысы құрама командасынамен қатысып ІІІ-орынды жеңіп алды.
Казақстан Республикасы Тәуелсіздік күні 25 жылдығына және 22-Наурыз мерекесіне арналған Жансүгіров аулының орталық алаңында ұлттық ойындардан спорттық ісшаралар ұйымдастырыл өткізілді.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ережесіне сәйкес волейболдан ерлер арасында наурыз айының 23-27 күндері аралығында Жаркент қаласында өткен Алматы облысының Чемпионатына аудан құрама командасы қатысып келді және волейболдан әйелдер арасында наурыз айының 30-нан сәуір айының 03-ші күндері аралығында Ұзынағаш қаласында өтетін Алматы облысының Чемпионатына аудан құрама командасы қатысып келді.
Сәуір айының 05-07 күндері аралығында Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы пауэрлифтинг, үстел теннис, жүзуден өткен Алматы облысының біріншілігіне аудан құрама командасы қатысып пауэрлифтингтен Г.Бикташев ІІ-орынды жеңіп алды.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ережесінің күнтізбелік жоспары бойынша, ересектер арасында футболдан Алматы облысының Чемпионатының Талдықорған аймақтық жарысының Ақсу –Алакол кездесуі, сәуір айының 23 күні Учарал қаласында өтіп, аудан құрама командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Талдықорған қаласында сәуір айының 21-22 күндері аралығында, Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» 2016 облыстық іріктеу турниріне аудан құрама командасынан Н.Аязбаевпен Е.Беков қатысты.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ережесінің күнтізбелік жоспары бойынша, ересектер арасында футболдан Алматы облысының Чемпионатының Талдықорған аймақтық жарысының Ақсу –Текелі кездесуі мамыр айының 29 күні Жансүгір ауылында «Е.Сихимов» стадионында өтіп, аудан құрама командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті және осы Чемпионат бойынша маусым айының 11-12 күндері Балпықби ауылына, Көксу-Ақсу жарысына қатысып 3:1 есеппен аудан құрама командасы жеіңп алды.
Маусым айының 22-26 күндері аралығында Талдықорған қаласында ІХ-жазғы Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлерінің Спартакиадасының спорттың 7-ті түрінен өтті атап айтсақ: тоғызқұмалақ, шахмат, бильярд, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, стритбол ойыны, бильярд ойынынан Е.Базарханов ІV-орын, тоғызқұмалақтан А.Сауғанбаев ІV-орын, Г.Болатхан І-орынды жеңіп, жалпы командалық есепте ІІІ-орынға йе болдық.
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ережесінің күнтізбелік жоспары бойынша, ересектер арасында футболдан Алматы облысының Чемпионатының Талдықорған аймақтық жарысының Ақсу –Сарқан кездесуі, маусым айының 25-сі күні Жансүгір ауылының «Е.Сихимов» стадионында өтіп, аудан құрама командасы 4:5 есебімен Сарқан ауданы ойыншылары жеңіске жетті.
Маусым айының 30-нан шілде айының 03-ші күндері аралығында Талдықорған қаласында Алматы облысының ардагерлер арасында ІІІ-ші жазғы спартакиадасына, аудан құрама командасы қатысып дойбы ойынынан V-орын, үстел теннисі VІІ-орын, тоғызқұмалақтан Т.Жақаева ІІІ-орын, А.Ибраев ІV-орын, Г.Оспанбекова V-орын, С.Сейсенбаев І-орынды жеңіп жалпы командалық есепте ІІІ-орын.
Тамыз айының 07-11 күндері аралығында Талдықорған қаласында футболдан ересектер арасында Алматы облысының Чемпионатының ақтық жарысына аудан құрама командасы қатысып VІ-шы орынға қол жеткізді, осы айдың 19-20 күндері аралыңында аудан орталыңы Жансүгір ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Спорт күні» мерекесіне арналған аудандық ХХVІ-ші жазғы Спартакиадасы спорттың 6-ты түрінен өткізілді жалпы командалық есеп бойынша І-орын Жансүгір ауылдық округі, ІІ-орын Ойтоған ауылдық округі, ІІІ-орын Егінсу ауылдық округі жеңіп алды.
Қазан айында Қапал ауылында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында пауэрлифтингтен, шахмат, тоғызқұмалақтан және стол теннистен аудан біріншілігі өткізілді.
Қараша айының 26 күні 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған аудандық тоғызқұмалақтан және жасөспірімдер арасында еркін күрестен аудан біріншілігі өткізілді.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына Жансүгір ауылының орталық алаңында арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, стрит бол жарыстары ұйымдастырылып өткізілді.

Бөлім басшысы
Б.Мейрембеков

Уважаемые автовладельцы и жители Аксуского района!!!

Уважаемые автовладельцы и жители Аксуского района!!!

Доводим до Вашего сведения, что в настоящее время проводятся профилактические мероприятия с участием органов государственных доходов и органов дорожной полиции по постановке на регистрационный учет в качестве индивидуального предпринимателя лиц, занимающихся частным извозом.

23 Января 2018
Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

         Сыбайлас  жемқорлықты болдырмауға  салықтық қарым қатынастардың барлық саласы туралы  шараларды жүргізуде басты міндет және  салықтық шағымдар болып табылады. Салықтық шағымдар  салық төлеушіге  салықтық тексеріс нәтежесінде  салықтар мен  бюджетке төленетін міндетті төлемдер заңсыз есептелінген жағыдайда, салықтық тексеріс актісіне шағым беруге, өз заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Салық төлеушінің  салықтық тексеру нәтежесінде шағым түсіру құқығы Салық кодексінің 13 бабында бекітілген, ал 178 бабында шағым беру тәртібі көрсетілген. Салықтық тексеріс нәтежесін  қарасыру жоғарғы тұрған салық қызметі органымен және сотпен  жүргізіледі.Шағым салық төлеушіге хабарлама тапсырылған соң отыз жұмыс  күнінің ішінде берілуі керек.  Бұған қоса шағым көшермесі шешім шығарылғанға дейін салықтар, төлемдер мен өсімпұл сомасы өндіріліп алмас үшін тексеріс жүргізілген салық органына тапсырылады, өйткені шағымның берілуі шағымдалғанға дейін тоқтатады. Өз кезегінде шағым қарау барысында  орасан зор жұмыс  жүргізілетінін айтып өту керек. Қазақстан республикасының , сондай-ақ шетелдің уәкілеті мемлекеттік органдарға, банк мекемелері  жеке құрылымдарына  қажетінше сұраулар жіберіледі.  

     

17 Января 2018
100 Нақты қадамның 13 қадамы туралы

100 нақты қадамның 13 қадамына тоқталар болсақ,Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді,сонымен бірге ,жаңа заңнамалар әзірлей отырып,Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құруды көздеген болатын.Ұлт жоспары аясында жемқорлыққа қарсы күрес – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі.Қазақстан әлемдегі дамығын бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына кіріуіне мүмкіндік беруде,сонымен қатар заңға мойын ұсынып, бағыну мәдениетін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын қалыптастыруда.

17 Января 2018
Карта сайта Обратная связь