USD 326.17
EUR 401.25
RUB 5.31
Погода в Жансугуров °C

Информация

«Ақсу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2016 жылда атқарған жұмыстары

Ақсу ауданы бойынша тілдерді дамыту мен қолданудың 2016 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген. Аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қажетті жағдайлар жасалған. Материалдық-техникалық базасын нығайту, тілдік шараларды ұйымдастыру, тұрғындар арасында тілдердің қолданылу аясын кеңейту жөнінде мекемелер мен ұйымдарда кәсіпорындарда ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Мекемелерде мемлекеттік тілді дамыту мен қолданылуын бақылауға алуға арнайы мамандар бұйрықпен бекітілген. Құжаттар айналымын мемлекеттік тілде жүргізуді қатаң назарға алған. Көрнекіліктер, жарнамалар мен мекеме атаулары жазылған маңдайша тақталары толығымен Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» басшылыққа алынып рәсімделуі жіті қадағаланып, орын алған кемшіліктер мерзімінде жойылуына іс-шаралар көрілген.

Аталған шараларды мерзімінде жүзеге асырып, орындалуын қадағалау барысында ауылдық округтер мен мекемелерге ағымдағы жылдың қаңтар- шілде айлары аралығында 80 рейд жүргізілді. Мемлекеттік тілді көрнекі ақпарат құралдары арқылы насихаттау бағытында ауданда 3млн 100 мың теңге қаржы бөлінсе, оған 181 билборд, 16 аспалы қондырғы, 70 панно, 195 тақталар даярланып, ескіргендерінің орнына жаңадан ілінсе, 250 ірілі-ұсақты көрнекіліктермен қосымша толықты.

«Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы аясында 13 Заңға қайшы жасалған жарнамалар мен көрнекіліктер анықталып, мерзімінде жойылды. Атап айтса, Жансүгіров ауылының «Мадина» дүкеніндегі «ремонт компьютеров», «Заңғар» дүкеніндегі - «Мир подарков», «Арай», «Натали» сауда орындарындағы және аудандық пошта ғимаратының ішіндегі жарнамалық жапсырма қағаздары біріздендіріліп мемлекеттік тілге көшіріліп қайта жапсырылса, Жаңалық ауылындағы дүкендердің аттары өзгертіліп, нәтижесі аудандық БАҚ құралдарына жарияланды. Аудан орталығындағы мекемелер мен сауда орындарындағы «Закрывайте дверь», «Открыто», «Закрыто» секілді ірілі-ұсақты жазылған жарнама жазуларындағы Тіл туралы Заңның бұзылуы және грамматикалық қателері анықталып, дер кезінде ескертіліп жөнделді.

Ақсу ауданындағы мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 100 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр.

Ауданның ересек тұрғындарының мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша «Казтест» электрондық жүйесінен тұрғындарды өткізу бағытында өткен жылы құрылған «Тіл жанашырлары» волантерлар тобы әр ауылдық округтерде жұмыстарын жалғастырды. Жыл басынан жалғасын тапқан тестілеу жұмысының бүгінгі күнге көрсеткішіне сәйкес ауданданда «Казтест» диагностикалық электрондық тестінен өткен тұрғындар саны ағымдағы жылы 3600 адамды құрады.

Оның ішінде: «Қазтест» бағдарламасы бойынша Республикалық тест орталығының жетекші сарапшыларының және облыстық тіл орталығы директорының қатынасуымен ағымдағы жылы сәуір айында 98 адам диагностикалық тест тапсырды. Оның 66-сын мемлекеттік қызметшілер құрады.

Ағылшын тілін меңгеру бойынша аудандағы мемлекеттік, азаматтық қызметшілер арасында 2 айлық курс ұйымдастырылып оған 76 адам тартылды.

Тіл дамыту бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында 936 мың теңге қаржы бөлініп, оған 9 шара ұйымдастырылып үздіктері облыстық байқауға жолдама алды. Оның ішінде: көрнекіліктер мен жарнамаларды зерделеу, мекемелерге тіл дамыту сауалнамалары, акция, «Казтест», «ономастиканы жүйелеу» секілді қоғамды қозғайтын шаралар әр ауылдарда ұйымдастырылса, мәдени шаралар аудан орталығында жүйесін тапты.

«Тіл дамыту және ономастика мәселелері» айдарымен аудандағы мемлекеттік мекемелер, мектептер, кәсіпорындарда тілдерді қолдану бойынша ақпан айында аудандық семинар ұйымдастырылып, іс-құжаттар мен нормативтік құжаттарды рәсімдеудің тіл комитетімен бекітілген электрондық нұсқалары, ағылшын тілін үйретудің әдістемелері портативті компьютерлерге орнатылды, бағдарламамен жұмыс жасаудың тетіктері түсіндірілді.

Сондай-ақ, «Ономастика-ел тарихының бет бейнесі», «Ауылдың аты-тарихтың хаты» атты тақырыптарда ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімінің жанындағы ономастика жұмысшы тобының, БАҚ өкілдерінің, тарихшылар мен архив қызметкерлерінің қатынасуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара мақсаты - тарихи ауыл аттарын сақтап қалып, атауы өзгеретін ауылдардың жаңа атын көпшілікпен талқылау. Ақпан айында «Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл» айдарымен аудан аумағында көшпелі үгіт керуені жұмыс атқарып, ауылдық округтердегі халықпен кездесулер ұйымдастырылды. Керуен құрамына ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жұмыспен қамту бөлімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы кірді. Кездесу барысында ономастика, тіл мәселелеріндегі жеткен жетістіктері қозғалып, Тәуелсіздік жолдарына шолулар жасалды. Көзделген мақсатты одан әрі жетілдіру бағытында ономастика, тіл бойынша Заң талаптарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар сауалдарына жауаптар берілді.

Энергетик, Казсельхозтехника ауылдарының атын ауыстыруға байланысты Есеболатов, Ақсу ауылдық округтерінде қоғамдастық жиындары өткізіліп, құжаттары рәсімделді. Облыстық ономастика комиссиясына ұсыну үшін аудандық мәслихатпен бірлескен шешім даярлануда. Ағымдағы жылдың мамыр айында Сағабүйен ауылдық Мәдениет Үйіне «Рақым Тәжібаев» аты берілді. Арасан ауылындағы 1 көше атауы облыстық ономастика комиссиясында қаралып, шешімі шығарылды.

Мемлекеттік тілді дамыту бағытында жүргізілген және оны насихаттау барысында атқарылған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жөнінде аудан кітапханаларында арнайы медиа-жоспар құрылған, жоспарға сәйкес аудандық баспасөз беттеріне әр ай сайын мақалалар мен шолулар түрінде көпшілік назарына ұсынылып, жарық көріп тұрады.

Ауданда жергілікті маңызы бар 95 археологиялық, 16 монументті сәулет және 4 табиғи ескерткіштер бар.

Мемлекет қамқорлығындағы 16 монументті ескерткіштер есеп карточкалары жасалынған, қорғау міндеттемелері бар. Насихат жұмыстары да атқарылуда, ол жөнінде аудандағы 22 мәдениет, клуб Үйлері, 2 музей мен 22 кітапханалардағы мәдениет қызметкерлері халыққа рухани қызмет көрсетуде.

Бабалардан қалған мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, құндылықтарымызды сақтап қалу, ұрпақ санасына сіңіру бағытында ескіден келе жатқан саз әуенінің өнерпаздары, қолөнер шеберлері, суретшілер мен шешендік өнерін дамытушылары, дәстүрлі ән орындаушылар өнерлері арқылы ел тарихы мен мәдениетін көпшілікке паш етіп, «Өрісің өркендесін, Қазақстан!!!» атты айдармен ауданның түкпір түкпірінде ақпан-наурыз айларында аудандық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жыл өшкенін жандырып, өлгенін тірілткен жыл болды. Атап айтса, Сағабүйен ауылында өткен «Рақым Тәжібаевтың 70 жылдығы» облыс күйшілерінің басын қосса, «Тәңірберген Қалилахановтың 100 жылдығы» сахна саңлақтарын шыңдалса, аты елге танылған, әуені қыр асқан ақиық ақындар мен дарабоз батырлар, күй өнерінің шеберлері мен адуынды от ауызды шешендердің сөздері келтіріліп көрермен назарына ұсынылған музыкалық әдеби композиция бүгінгі ұрпаққа танымдық сабақ болды. Сондай-ақ, қыркүйек –қазан айларына жоспарланған «Қуат Терібаевтың 125 жылдығы» шарасына облыс ақындары айтыс өнерінде сыналмақшы, «Барлыбек Сырттановтың 150 жылдығы», «Тұрсынзада Есімжановтың 75 жылдығы» секілді мерейтойлар легі ел арасындағы ұмыт қалған өнерді оятуға себепші, жаңа өнер толқынын шыңдауға дәнекер болатын шаралар болмақшы. Ақсудан шыққан өнер саңлақтары жөнінде стендтар, фото альбомдар жасалды. «Ескерткіштер тарихтан сыр шертеді» атты тақырыппен аудан көлемінде орналасқан ескерткіштерден буклет жасалып, аудан кітапханларында көрме жасалды.

Сондай-ақ, исі қазақ халқының мақтанышына айналған Әміре, Дина,Құрманғазы, Ықлас секілді өнер саңлақтарын, Жетісудан шыққан Молықбай, Ілияс, Сара, Толғанбай ақын мен Шиырбай шешен секілді бабалардың өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде шаралар көріліп, дәстүрлі «Ілияс оқулары», «Қобызшылар байқауы», «Жазба ақындар мүшайрасы», «Ақындар айтысы» жыл сайын тұрақты түрде жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Үстіміздегі жылы жергілікті тұйғын ақын Қуат Терібаевтың 120 жылдығы болуына байланысты қыркүйек айында мәдениет саласы бойынша апталық ұйымдастырылу жоспары бар. Аудан мәдениет күндерінде де мәдени мұра бағдарламасына баса көңіл аударылып, шараның негізгі бөлігі осы бағдарламаны қамтып отыр.

Мәдениеті жоғары, тарихи тынысы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік Әлеуетті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ. Мәдени құндылықтарымызды сақтау, ел арасында насихаттау аясында өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту бағытында аудандық кітапхана «Ұлттық мәдениет және өркениет» атты айдармен барлық кітапханаларда жаңадан түскен тарихи кітаптарды насихаттау, «Бабалар сөзі» көп томдық кітаптарына шолу жүргізу, батырлар мен ақындарымызды насихаттауда әдеби кештер мен көрмелер, танымдық сағаттар ұйымдастыру тұрақты жүргізілуде.

Қапал ауылдық кітапханасының оқу залында көпшілік оқырман қауымының назарына «Салт – дәстүр - тәрбие негізі», аудан орталығындағы ескерткіштердің алдында өткізілген «Ұлы дала тарихының киесі –ескерткіштер» атты тарихи –танымдық сағаты, 18 Мамыр мұражай күні Ақсу ауылдық кітапханашысы «Жаңғырған бабалар мұрасы» атты тақырыптағы әңгіме сағаты ұйымдастырылды.

18 сәуір ескерткіштерді қорғау күні қарсаңында аудан аумағындағы ескерткіштер маңында тәрбие сағаттары, митингілер ерлік сабақтары, ҰОС ардагерлерімен кездесулер секілді шаралар өткізілді. Ғ.Орманов атындағы орта мектеп оқушыларымен «Бабадан балаға жеткен мұра» атты тақырыпта ойын саяхат өткізіліп, ойын-саяхаттың мақсаты бойынша ауыл орталығында орналасқан «Азамат соғысы батырларына арналған ескерткіш», «Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге орнатылған ескерткіш», «Желтоқсан оқиғасы құрбандарына арналған ескерткіш» алдында оқушыларға мағлұмат берілді. Және осы ескерткіштерге құрметпен қарауды естеріне салып, кітап қорындағы ескерткіштерге арналған кітаптар насихатталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады»-деп атап өтіп «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті - қазақ мәдениеті», - деген еді. Орталық кітапханада «Мәңгілік Ел – Мәңгілік идеология» атты тақырыпта мәдениет қызметкерлері арасында мерекелік ақпараттық хабарлама ұйымдастырылды.

Бөлім басшысы А.Елубаева

Минимальные розничные цены на водки

Управление  государственных доходов по Аксускому району сообщает, что с 27.03.2018г. вводится в действие постановление Правительства Республики Казахстан от 14.03.2018г. №122 «Об установлении минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия на 2018 год» (опубликовано в газете «Казахстанская правда» от 16.03.2018г. №52 (28681), в котором предусмотрено установление минимальных розничных цен на водки и водки особые, крепкие ликероводочные изделия на 2018 год в размере 1 900 тенге за литр.

 

 

 

 

19 Апреля 2018
Относительно электронной торговли товарами

Для целей налогообложения, подпунктом 65) статьи 1 Налогового кодекса определено понятие электронная торговля товарами.

Электронная торговля товарами – это предпринимательская деятельность по реализации товаров физическим лицам, осуществляемая посредством информационных технологий через интернет-магазин и (или) интернет-площадку при одновременном соблюдении следующих условий:

  • оформление сделок по реализации товаров осуществляется в электронной форме;

 

19 Апреля 2018
«Внедрение всеобщего налогового декларирования доходов и расходов».

Третьим направлением «Индустриализация и экономический рост» плана нации - 100 конкретных шагов предусмотрен Шаг 42 «Внедрение всеобщего налогового декларирования доходов и расходов».

С 01.01.2020 года население Казахстана переходит в систему

декларирования доходов и расходов.

Основная  цель -  повышение эффективности борьбы с коррупцией,

снижение активности теневой экономики, а также получение полной картины фактического уровня жизни граждан. 

При этом, при вхождении в систему декларирования всем физическим лицам необходимо будет предоставить декларацию об активах и обязательствах физического лица (Форма 250.00).

 

18 Апреля 2018
Карта сайта Обратная связь