USD 319.42
EUR 400.04
RUB 5.66
Погода в Жансугуров °C

«Жер заңды негізде» бөлімі

Осы сайттың бөлігінде Сіздерге аудан көлемінде жер учаскелерін өз беттерінше иеленіп алу деректері бойынша хабарламалар мен фотосуреттерді орналастыру мүмкіншілігі көзделген.

Сіздердің жіберген фото суреттеріңіз бен хабарламаларыңыз бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тиісті шаралар қолданылатын болады.

ЕСКЕРТПЕ – ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының 10 тармағына сәйкес егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 136 бабына сәйкес мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389 бабына сәйкес өзiнше билiк ету, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру - бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Өрт қауіпсіздік айлығы жалғасуда

Алматы облысының әкімдігінің № 34 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 1 ақпан мен 28 ақпан аралығында Ақсу ауданы аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Айлық жүргізу кезіне Ақсу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, «Ішкі істер бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың, қызметкерлерімен бірлесіп атқарылатын бірқатар іс шаралар жоспарланды. Жоспарланған шараларды жүргізудің негізгі мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз өмір салтын насихаттау, сондай-ақ, өскелең ұрпақ арасында ғана емес, сондай-ақ, ересек тұрғындардың арасында қауіпсіз тіршілік әрекеті мәдениетін қалыптастыру.

16 Ақпан 2018
Салық кодексінің нормаларын түсіндіру семинар өткізетінін хабарлайды.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс басқармасы жаңа Салық  кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша  Ақсу, Сарқан аудандарының салық төлеушілеріне арнап, 22.02.2018 жылы Сарқан қаласы,Тәуелсіздік көшесі 115 «Нұр Отан»ғимаратында семинар өткізетінін хабарлайды.

16 Ақпан 2018
Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free»  сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов. 

15 Ақпан 2018
Сайт картасы Кері байланыс