USD 324.27
EUR 398.27
RUB 5.73
Погода в Жансугуров °C

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Ақсу ауданында «Рухан жаңғыру» жобасы бойынша «Білім және Тәрбие», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламасы аясында іс-шаралар реестрі мен іс-шаралар паспорттары жасалды. Қоғамдық сананы жаңғырту  бағдарламасын іске асыру жөніндегі 6 жұмысшы топтары құрылып, іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар атқарылуда.
Елбасының бағдарламалық мақаласы барлық 17 ауылдық округтерде, мекемелерде, 17 сәуірде өткен аудан активінде  талдыланды. Елбасы мақаласын түсіндіру мен насихаттау бойынша тұрғындармен-57 кездесу (17 ауылдық округтер мен 37 мекеме), саяси партия филиалдары өкілдерімен 1-кездесу,  үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен 1-әңгіме, бұқаралық ақпарат құралы (Ақсу өңірі) өкілдерімен 1 әңгіме, 3 дөңгелек  үстел. Барлығы 61 іс шара   өткізіліп, шараға 12910 адам қамтылды. Рухани жаңғыру жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық «Ақсу өңірі» газетінде «Рухани жаңғыру», «Тұған жерге тағзым»  айдарлары ашылып, материалдар жарияланып, аудан орталығындағы ЛЭД-экран арқылы бейнероликтер көрсетілді. VK, FB, Instagram әлеуметтік желілерде «Ақсу инфо» парақшасы ашылып, материалдар жариялануда.  Ақсу Өңірі газетіне «Рухани жаңғыру» бойынша 74 мақала жарияланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық қолдау мақсатында  Жансүгіров ауылында «Рухани жаңғыру» бойынша 3*6 көлемінде 2 көрнекілік, Қызылағаш ауылында  8*4 көлемінде «Рухани жаңғыру», «100 жаңа есім», «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында» тақырыптарында  барлығы 4 көрнекілік  орнатылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  жүзеге асыру аясында 2017 жылдың қыркүйек айында облыстық дін істері басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани керуен» жобасының іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
1) Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы-  топ жетекшісі-аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айна Елубаева;
-«Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру» жобасы  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта жұмысшы топ құрылып,  бекітілген кестеге сәйкес өтпелі жылдың 19-шы маусымында  аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелерінің, ауылдық округ әкімдерінің, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуларымен «Латын әліпбиіне көшу- қазақ тіліне жасалған игі қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, жоба туралы  аудан орталығындағы ЛЭД-экран арқылы тұрғындардың назарына бейнеролик көрсетілді. Шілде айында «Жаңғырудың жаңа белесі» атты тұрғындармен кездесулер, «Жаңа ұлттық әліппиіміз- болашақтың бағдары» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді. Аудандық «Ақсу өңірі» газетінде латын әліпбиіне көшу жөнінде мақалалар жариялайтын арнайы айдар ашылып, 12 мақала жарияланды. Мектептерде латын графикасы арқылы оқу процестері жүргізілетіндігі жөнінде ақпараттық бұрыштар ашу жұмыстары қолға алынуда. Алдағы мерзімде «Тіл мәртебесі-ел мерейі» атты оқушылар арасында конкурс өткізу жоспарлануда.
2) «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы -  топ жетекшісі- Бегімбек Рамазанов-аудандық білім бөлімінің басшысы;
      Топ мүшелері тарапынан аудандағы білім ошақтарында жобаны түсіндіру жұмыстары атқарылуда. Мамыр айында «Жүрегім толы мейірім» атты акция өткізіліп, қыркүйек айында аудан мектептерінде «Жаңа гуманитарлық білімді енгізу міндеттері» тақырыбында конкурстар өткізу жоспарлануда. Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында 26 сәуірде 2017 жылы Республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары, 28 қыркүйекте «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- білімнің үлесі» тақырыбында мұғалімдердің тамыз кеңесі, 2 қыркүйекте білім күні  өтіп, аудандық газетте «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- білім үлесі» «Мұғалімдердің жаңғыру үлесі», «Білім мен имндылық-ең ұлы күш» тақырыптарында  мақала  жарық  көрді.
3) «Туған жер» жобасы- топ жетекшісі Нұрқуат Какимбаев- аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы;
Бұл жоба бойынша  ауданда «Туған жерге туыңды тік!» атты акциясы бастау алған. Аудандық  «Ақсу өңірі» газетінде «Туған жерге туыңды тік!» айдарында «Туған жер-алтын бесігің» атты  мақала, «Рухани жаңғыру» айдары бойынша «Рухани жаңғыру: Туған жерге туыңды тік!», «Рухани жаңғыру- тың белес, мәңгі өріс!», «Мұрағаттағы маңызды жиын» атты мақалалар  топтамасы жарияланды. Аудан орталығы-Жансүгіров ауылында «Жансүгіров» қоғамдық қоры арқылы демеушілердің қаржылай  жиналған көмегімен  8 пәтерлі  2 қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, кезектен тыс мүгедек 8 отбасына пәтерлер берілді. Сонымен   қатар  сәуір айында елді мекендерде санитарлық-тазалық айлығы өткізіліп, ауылдарды аббаттандыру, ретке келтіру, ескерткіштерді жөндеу жұмыстары атқарылды.  Осы жылдың сәуір айынан  бастап  «Туған жерге туыңды тік!» акциясы аясында  Жансүгіров ауылында жеке кәсіпкер тарапынан 120 млн. теңгеге жекеменшік балабақша салынуда. (Жуанышев Талғат). Сонымен қатар Алажиде ауылында  «Асан» ШҚ арқылы 34 млн. теңгеге балық өсіру қолға алынды.   Маусым айында «Қамқоршы» акциясы аясында аудан орталығындағы Есмұрат Сиқымов атындағы мектеп-интернаты аумағында «Мәңгілік ел» аллеясы ашылып, бұрынғы жылдары мектеп бітірушілердің демеушілік көмегімен 400 мың теңгеге 40 түп ағаш көшеттері (қарағаш, шырша, арша, туя) отырғызылып, мектеп аумағы көгалдандырылып, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп-гимназиясының бұрынғы түлегі, полиция генералы Оспанов Асқар Шуашұлының  демеушілік көмегімен аталған мектепте 1 млн теңгеге құрал- жабдықтармен қамтылған кабинет ашылды. Сонымен қатар 2018 жылы «Агрохолдинг Жетісу» ЖШС-ң орындаушы директоры Жуанышев Талғаттың демеушілімен 10 млн. теңгеге аудандық ардагерлер үйі күрделі жөндеуден өткізу, сонымен қатар 2019 жылы жеке кәсіпкер  Молдияр Нұрбаевтың  қаржылай көмегімен аудан орталығы –Жансүгіров ауылына  кіре беріс  айрық жолға  20 млн. теңгеге  І.Жансүгіровтің  ескерткішін  орнату  жұмыстарын қолға алу  жоспарлануда.  Ақсу ауданының тумасы, «Қазақ ревматология алқасы» төрағасы Баймұхамедов Шоқан Тілеуқұлұлы – Мамания орта мектебінің түлегі Болат Пазиланың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетіндегі 4 жыл оқу ақысына әр жылына 510 000 теңгеден, «ASADEL Partners» және «АIN capital» ЖШС директоры Сұлтанқұлов Ерік Ахметқанұлы - Мамания орта мектебінің түлегі Қанатов Диастың              Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі      5 жыл  оқу ақысына әр жылына 640 000 теңгеден өз қаражаттарын бөліп демеушілік көмек көрсетуде.  Бұл жобадағы шараларды  ақпараттық қолдау мақсатында  аудандық  «Ақсу өңірі» газетінде  тамыз айында «Туған жерге тағзым!» айдары ашылып,  «Туған  жерге туыңды тік!», «Туған жер-алтын бесігің!», «Рухани жаңғыру- тың белес, мәңгі өріс», «Рухани жаңғыру: Туған жерге туыңды тік!», «Демеуші»,  атты  мақалалар жарияланды.   Бұл бағытта ауданда жұмыстар атқарылуда. 
«Туған жер» жобасы бойынша өлкетану жұмыстарына қатысты мектеп оқушылары өтпелі жылдың бірінші жартыжылдығында Қапал ауылындағы Ақын Сара мемориалды музейіне, Ақсу ауылындағы І.Жансүгіров атындағы мұражайға, Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уалиханов атындағы мұражайға, Талдықорған қаласындағы Мұхаметжан Тынышбаев атындағы мұражайға, ауданға келген Қабанбай батырдың жылжымалы мұражайына, Мұқан Төлебаевтың жылжымалы мұражайымен танысты. Жалпы бұл шаралармен 2015 оқушы қамтылды. Маусым айында 100 мектеп оқушылары экскурсиямен  Астана қаласындағы «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне қатысып, тамыз айында демеушілік  қаржылай көмекпен 100 оқушы экскурсиямен Астана қаласына барып қайтты. 
4)  «Қазақстанның киелі жерлерінің  географиясы» жобасы- топ жетекшісі Нұрлан Серпербаев-аудандық кәсіпкерлік  бөлімінің  басшысы;
Ауданда мәдени туризм кластерін құру  жұмыстары атқарылуда.  Бұл бағытта 34 мектеп мұғалімдері арасында  маусым айында Суықсай ауылында туристік жарыс өткізілді. Сонымен қатар Матай ауылдық округі аумағындағы «Рай» көлі аймағын, Қапал ауылындағы «Тамшыбұлақ» бұлағын туристік  киелі мекендер кластеріне енгізу жұмыстары атқарылуда. «Қарағаш»  Мамания мектебіне экскурсиялық маршрут жасап 120 оқушыны қазан айында киелі жермен таныстыру жоспарлануда. 
5) «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы-  топ жетекшісі-Асхат Досмұхамбетов- аудандық мәдениет үйінің  директоры;
Бұл бағытта ауданда өтпелі айда  мәдениет күндері аясында «Ауылым-алтын бесігім!» тақырыбында Жансүгіров, Қызылағаш ауылдарында іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық  мәдениет, мұрағат  және құжаттандыру басқармасының тапсырмасымен аудан аумағындағы  барлық мәдениет ошақтарының жағдайын анықтау, жөндеуден өткізуге құжаттарын дайындау жұмыстары  атқарылуда.  Аудандық  газетте тамыз айынан бастап «Рухани жаңғыру» айдарында «Рухани жаңғыру: тарихи тұлғалар» тақырыбында  тарихи тұлғалар туралы 6 мақала  жарияланды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
6)  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы -  топ жетекшісі-Нұрбол Қасымбеков- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Аудан бойынша 23 үміткердің тізімі анықталып, оның ішінде 7  үміткерлердің тізімі  іріктеліп, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына, облыстық ішкі саясат басқармасына беріліп, осы үміткерлердің ішінен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 4 үміткердің   өтінімдері бекіп, қатынас хатпен  өтінімдері қайта жіберілді.  Казіргі мерзімде олар туралы материалдар дайындалып «Ақсу өңірі» газетіне жариялануға мақалалар берілді.

 

Дата cоздания: 24 Қазан 2017 12:40
Дата редактирования: 24 Қазан 2017 12:41
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының 1 – бабы 3 –тармағының 26 шы тармақшасына сәйкес, үлестес тұлғаларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану кедергілерін жою туралы қарастырылатын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне өзгерістер енгізілген.

17 Қаңтар 2018
«Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қазандағы № 364-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»67-1-бабы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

16 Қаңтар 2018
Есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары

Ақсу ауданы бойыцнша мемлекеттік кірістер  басқармасы келесіні хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілерінесалықсалумәселелерібойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді: 

16 Қаңтар 2018
Сайт картасы Кері байланыс