USD 325.75
EUR 382.04
RUB 5.31
Погода в Жансугуров °C

Халықпен жұмыс

Азаматтар үндеуін тіркеу реті

Ақсу ауданы әкімінің аппаратында азаматтардың өтініштерімен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардағы № 221-ІІІ ҚРЗ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес жұмыс жүргізіледі. Аудан әкімі, оның орынбасарлары және аппарат басшысы тізімге сәйкес азаматтарды қабылдауды өткізеді. Азаматтардың қабылдауды ұйымдастыру және өтініштерін қарау жалпы бөлімінің басшысы Т. Өтеген арқылы жұмыс жүргізіледі. Қабылдау мәселелері бойынша азаматтар 2-17-70 телефонына хабарласуға болады. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі 5, аудан әкімі аппараты ғимаратында өткізіледі.

Барлық өтініш иелеріне заңға сәйкес өз мерзімінде жазбаша жауаптар беріледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Аты-жөні лауазымы Қабылдау күндері Мекен-жайы
ДАЛБАҒАЕВ
Әділбек
Егеубекұлы
Аудан әкімі

әр аптаның дүйсенбі күндері

сағат 14.30-18.30

Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
ҚАБАЕВ
Арман
Маратұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
БАЗАРХАНОВ
Есім
Сейілханұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
САБЫРБАЕВ Амандос
Ақышұлы
Аудан әкімінің орынбасары күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат
Құсмолдин Серік
Әділбекұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы күнделікті
сағат 14.30-18.30
Ақсу ауданы
Желтоқсан көшесі 5, 2қабат

 

2017 жылдың 12 айында  аудан бойынша 1260 өтініш, соның ішінде аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 651 өтініш келіп түсті, оның ішінде 577 жеке, 74 заңды тұлғадан.
Мемлекеттік тілде келіп түскен өтініштер саны – 590 және орыс тілінде -61.
17 өтініш «Электронды Үкімет» порталы арқылы келді.
Оның ішінде:
жер мәселесі бойынша - 343,
ауылшаруашылық және ветеринария- 23,
құрылыс және архитектура- 43,
тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы - 60,
жол мәселесі- 7
білім саласы- 9,
жас мамандарға көтерме жәрдемақы  төлеу -36,
әлеуметтік сала – 23,
мәдениет және тіл саласы- 8,
денсаулық- 3,
спорт саласы- 4,
АХАЖ қызметі- 10,
басқа мәселелер бойынша- 65.

Алматы облысы әкімі аппаратынан орындалуға жіберген  86 өтініш тіркеліп, мерзімдеріне сай қаралды.
Осы мерзімде 2117 азамат аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарларының, 414 тұлға құрылымдық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қабылдауында болып, өздері көтерген көкейкесті мәселелері бойынша толық мағлұмат алып, арыз-шағымдарда орын алған себептер жойылды.

 

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апта соңына дейін қазақстандықтарға жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым салу мүмкіндігі болатындығын айтты. Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен жұмыс  жүргізіліп жатыр. 

23 Мамыр 2018
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау. Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның 2 жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.

 

23 Мамыр 2018
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміжеңілдетіледі

Әділет министрлігі көрсететін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі жуық арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

 

23 Мамыр 2018
Сайт картасы Кері байланыс