USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
Погода в Жансугуров °C

Нормативтік құқықтық актілердің жобалары

ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

      2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

      4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
 

17 Қараша 2017
Салық салу объектiсi

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:

      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;

      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; 

17 Қараша 2017
Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу

      1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.

      2. Жоғарыда аталып кеткен талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.

      Ескертпе. Жақын туыстар деп ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.

Ақсу ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

17 Қараша 2017
Сайт картасы Кері байланыс