USD 326.52
EUR 399.33
RUB 5.26
Погода в Жансугуров °C

Есебі

2017 жылдың 4-і тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің

сапасын ішкі бақылау нәтижелері жөнінде Ақсу аудандық әкімдігінің жұмысы туралы есепке баяндау хат

Ақсу ауданы 2017 жылдың 12 айына көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 88 түрі бойынша 12693 мың тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі, олардың стандарттары мен регламенттері аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылған.

Оның ішінде мекемелер арқылы 76 қызмет түрі 9391 тұлғаға, Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) түрі  803 тұлғаға, электрондық түрде 2499 тұлғаға қызмет көрсетілді.

Жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылу фактісі анықталмады, шағым, арыз түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттану деңгейін арттыру, орын алған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, семинарлармен дөңгелек үстелдер өткізілуде. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ХҚКО аудандық филиалымен тығыз жұмыстар жасалып, аудандық мекемелердің мамандарымен семинарлар өткізіп осы арқылы мемлекеттік қызметтердің мерзімінің бұзылуы және қызмет көрсету сапасына түскен шағымдардың санын төмендету жоспарланып отыр.

 

Дата редактирования: 12 Ақпан 2018 15:47
«Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы келісім шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдейді.

Гранттық бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады. 

23 Сәуір 2018
Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  27.03.2018ж. күнінен бастап «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 14.03.2018ж. №122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілетінін (16.03.2018ж. №52 (29283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), сондай-ақ  арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 900 теңге мөлшерінде белгіленгенін хабарлайды.

 

19 Сәуір 2018
Электронды тауарларды саудалауды салықтық басқару

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

 

19 Сәуір 2018
Сайт картасы Кері байланыс