USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
Погода в Жансугуров °C

Жалпы ақпарат

Жалпы ақпарат

"Электрондық үкімет" атты мемлекеттік бағдарлама құру барысында аудан орталығында 2 түрлі қоғамдық қолжеткізу пунктері ашылған: 1-шісі-инфокиоски (ақпарат киоскісі), Қазақстандық секторлы Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар сенсорлы экранды терминал, және 2-шісі - Қазақстандық секторлы Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар принтерлі және сканерлі екі арнайы компьютер.
Компьютерлері жоқ азаматтар жергілікті орган басшыларының, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Президентінің сайттарына кіре алады және керекті ақпарат немесе анықтама ала алады.
Ауданда 1-ші түрлі 5 пункті және 2-ші түрлі 1 пункт ұйымдастырылған.

Ақсу ауданының әкімдігі, жер учаскесін жеке меншікке немесе жалдау құқығын сату жөнінде конкурс жариялайды.

Ақсу ауданының әкімдігі, жер учаскесін жеке меншікке немесе жалдау құқығын сату жөнінде конкурс жариялайды. Конкурс өткізу уақыты (конверттерді ашу және конкурс қорытындыларын шығару) 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 15.00 –де. Конкурс өткізілетін жер: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 үй,  Ақсу аудандық әкімшілігінің ғимараты.

                                                   

Жер учаскесінің тізбесі

 

21 Қараша 2017
ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

      2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

      4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
 

17 Қараша 2017
Салық салу объектiсi

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:

      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;

      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; 

17 Қараша 2017
Сайт картасы Кері байланыс