USD 324.27
EUR 398.27
RUB 5.73
Погода в Жансугуров °C

Мектепке жол

1 тамыз бен 30 қыркүйекте өткізілетін
"Мектепке жол" акциясын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын (бұдан әрі - акция) үшінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияныңмақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Акцияның PR-компаниясын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттар және мұрағаттар Комитетімен бірлесіп ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы www.bala-kkk.kz сайтының «Мектепке жол» айдарына енгізілді.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешектер мен мектепке қажетті құралдар сатып алуға көмек көрсету үшін іс-шараға қатысуды жоспарлауда.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының 1 – бабы 3 –тармағының 26 шы тармақшасына сәйкес, үлестес тұлғаларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану кедергілерін жою туралы қарастырылатын Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне өзгерістер енгізілген.

17 Қаңтар 2018
«Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 қазандағы № 364-V Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері»67-1-бабы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

16 Қаңтар 2018
Есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары

Ақсу ауданы бойыцнша мемлекеттік кірістер  басқармасы келесіні хабарлайды. 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалықактілерінесалықсалумәселелерібойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді: 

16 Қаңтар 2018
Сайт картасы Кері байланыс