USD 319.68
EUR 392.95
RUB 5.63
Погода в Жансугуров °C

Блогы

Здравоохранение


Вопрос ID: 19
26.10.2017
Вопрос от:

Сәлеметсіз ба! Менің қоятын сұрағым денсаулық сақтау саласында Ақсу ауданы бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын және Ақсу аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражатты игеру туралы есебі жарияланады ма? Және жарияланса қай жерде таныса аламын? "Жеке және заңды тұлғларадың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес уақытылы жауап беруіңізді сұаймын. Рахмет



Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) хабарлайды:

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыру мақсатында,  мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтауға және мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеуге арналған «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы  өткізілуде.

 

20 Ақпан 2018
Электродабыл

2018 жылы 21 ақпан күні  сағат 12:00-де. Ақсу ауданында орналасқан құлақтандыру жүйесі тексеріс мақсатында электродабылдарды 30 секундқа іске қосылады (орта. және жергілікті іске қосу). Халық арасында үрейлі көңіл-күйге жол бермеу үшін, сіздерді сабырлық сақтауларынызды сұраймыз.

20 Ақпан 2018
Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

«Цифрландыру саласында сіздер құзыретті орталыққа айналу керексіздер. Бұл үшін сіздерде барлық ресурстар мен мүмкіндік бар. Мобильді үкіметті қалыптастыру үшін мекемелердің ақпараттық жүйелерін біріктіру үрдісін қарқынды түрде жүргізіп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», - деді А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өз кезегінде министрліктің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», - деді министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

 

19 Ақпан 2018
Сайт картасы Кері байланыс