USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
Погода в Жансугуров °C

Аудан туралы

Ақсу ауданы

 

Ақсу ауданының гербі

 

Аудан гербі - әкімшілік-аумақтық бөлініс ретінде ауданның дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелеген, оның әлеуметтік – тарихи жолын даралау мақсатында жасалған айырымдық белгі, рәміздік мәндегі таңба. Аудан гербісін дайындау Ақсу аудандық Мәслихатының бастамасымен қолға алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, гербтің алғашқы жобасы дайындалды.

 

Жоба авторы – жергілікті суретші Бұқарбаев Камалбек. Жоба жөнінде мамандардың, белсенділердің ұсыныс-пікірлері жинақталды, талқыланды. Аудан гербінің соңғы нұсқасы 2004 жылғы 20 ақпанда аудандық Мәслихаттың 6-шы сессиясында бекітілді.


Аудандық таңбаның шеңбер түрінде болуы- ол елімізде осы жүйеде қалыптасқан негізгі бейнелеу түрі болып табылады. Шеңбер және оның көк, сары жолақтармен айқындалуы – ашық аспанды, күнді, күн шуағына бөленген аудан халқының ынтымағын, береке- бірлігін білдіреді. Таңба ішінің жоғары жағында тау шындары, төменірек су толқындары бейнеленген.

 

Олар ауданымыздың жағрафиялық аймағы биік тау мұздақтарынан бастап, Балқаш көліне дейін созылып жататынын көрсетеді. Екінші жағынан толқындардың көбірек көрсетілуі – ауданымыздың атауына негіз болған Ақсу және басқа да өзендерді, жалпы су молшылығын ерекшелейді. Гербіде құс-жануарлар қатарынан қыранның таңдалып алынуы кездейсоқтық емес. Қыран бейнесі ауданның бұрынғы эмблемаларында да болған.

 

Аудан табиғатында тау мен дала қырандарының өзіндік ортасы, орны бар. Оның көкке қарай самғай көтерілуі –аудан халқының әр кезде де дәуірлеп табыстар биігіне өрлей беретін мақсаткерлігін көрсетеді.
Гербінің ортасында қосарлана бейнеленген кітап парақтары мен домбыра – мол ұлттық рухани байлығымызды, ғылым, өнер және мәдениет саласының барынша дамығанын, тарих бетінде өшпес іздерін қалдырған халқымыздың көптеген танымал тұлғалары шыққан өңір екенін білдіреді.

 

Шеңбер ішінің екі жағын көмкерген бидай масақтары аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы екенін айқындайды. Сонымен бірге, сол масақтардың дәндері, ауданымыздың төл дақылы – қант қызылшасының түбірлерін де бейнелеп тұр. Гербінің төмен жағын мемлекеттік туымыздың түсіндей ленталық жолақ көмкереді.

 

Онда ауданымыздың атауы анық оқылады, ал екі қапталындағы ою- бір жағынан ұлттық өрнек болса, екіншіден аудан тұрғындарының негізінен қазақ ұлты екенін білдіреді.
Бекітілген шешімге сәйкес герб аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, кәсіпорындарда, саяси-қоғамдық, салтанатты шаралар өтетін орындарда пайдаланылады.

 

Әкімшілік құрылымы

 

Ақсу ауданы Алматы облысының оңтүстік- шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 12,6 мың шаршы шақырым.Тұрғын халқы 40,7 мың адам, олардың орналасу тығыздығы- 1 шаршы шақырымға 3 адамнан. 77 35 және 80 25 шығыс бойлық пен 46 35 және 44 40 солтүстік ендікте жатқан аудан батысында Ескелді, Қаратал аудандарымен, солтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Сарқан ауданы, оңтүстік- шығысында КХР- мен шектеседі.

 

Орталығы- Ілияс Жансүгіров атындағы ауылдық округ, облыс орталығынан 120 шақырым жерде. Аудан құрамына 17 ауылдық округтерге қарасты 50 елді мекен кіреді. Олар- Жансүгіров, Матай, Молалы, Ақсу, Арасан, Егінсу, Есеболатов, Жаңалық, Қарасу, Қаракөз, Қарашілік, Қапал, Қызылағаш, Б.Сырттанов, Көшкентал, Ойтоған, Суықсай ауылдық округтары.

 

 

 

Дата редактирования: 09 Қараша 2017 19:14
Ақсу ауданының әкімдігі, жер учаскесін жеке меншікке немесе жалдау құқығын сату жөнінде конкурс жариялайды.

Ақсу ауданының әкімдігі, жер учаскесін жеке меншікке немесе жалдау құқығын сату жөнінде конкурс жариялайды. Конкурс өткізу уақыты (конверттерді ашу және конкурс қорытындыларын шығару) 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 15.00 –де. Конкурс өткізілетін жер: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 үй,  Ақсу аудандық әкімшілігінің ғимараты.

                                                   

Жер учаскесінің тізбесі

 

21 Қараша 2017
ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

1. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

      2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

      4. Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
 

17 Қараша 2017
Салық салу объектiсi

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:

      салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;

      банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы; 

17 Қараша 2017
Сайт картасы Кері байланыс