Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
332.58
Евро
 
390.38
Ресей рублі
 
5.63




Ауа-райы

Астана
 
+20
Алматы
 
+20




Дауыс беру

 









ҚР мемлекеттік рәміздері

ҚР Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Государственный Флаг Республики Казахстан

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Государственный герб Республики Казахстан

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев

 

Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!





Аудан жаңалықтары
8 августа
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, олардың шарттарына сәйкес импортталатын
 
8 августа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елбасының  қатаң талабы -  сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу. ҚР
8 августа
Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, келесіні хабарлайды.    Есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь
 
24 июля
17 июля
 
14 июля
«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты
12 июля
 
12 июля
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ресми интернет сайтында (Kyzmet.gov.kz) анонимдік арыз-шағымдар қабылдайтын арнайы айдар
10 июля
Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті. Бір замандарда жемқорлық пара беріп, пара алу көрінісі болып есептелетін. Жемқорлықтың бұл түріне
 
3 июля


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»