Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
332.58
Евро
 
390.38
Ресей рублі
 
5.63




Ауа-райы

Астана
 
+20
Алматы
 
+20




Дауыс беру

 









Аудан жаңалықтары

Жемқорлықты жою жолындамыз. 10 июля 2017

   Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті. Бір замандарда жемқорлық пара беріп, пара алу көрінісі болып есептелетін. Жемқорлықтың бұл түріне жекелеген адамдар ғана баратын. Ал, сыбайлас жемқорлық ше? Сыбайлас деген сөздің өзі жемқорлықтың бұл түріне бір емес бірнеше адам, кейде адамдар тобы қатысады,  ал осы топ ұлғая келе қоғам жемқорлық ауруына шалдығады. Яғни, сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғам пайда болады. Бұндай қоғам сөз жоқ, жан-жақты дами алмайды. Оның жастарының, қоғамның дамуының басты қозғаушы күшінің, соншама жемқорлықты көріп отырып жігері құм болады, қайда бармасын, алдынан сыбайлас жемқорлық шыға берсе кім-кімнің де жасуы хақ. Өзегін жемқорлық құрты кеулеген қоғамның экономикалық дамуы да ойдағыдай болмайды. Себебі, сыбайлас жемқорлық даму үшін бөлінген қаржы- қаражатты талан- таражға салып, оны мақсатты жұмсалу мүмкіндігінен айырады. Бұның салдары әлеуметтік жағдайдың әлсіреуіне әкеліп соғады. Жемқорлар тобының ұдайы өсе беруі елді сыбайлас жемқорлық жайлаған елге айналдырып, оның экономикалық- әлеуметтік, саяси да мәдени даму қарқыны күрт кемиді. Бұндай жағдайға ұшыраған елдер әлем тарихында болған. Міне, осындай жағдайдан еліміздің аулақ болуына ықпал ететін іс- шаралар қоғамымызда жүзеге асуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң шығып, оның орындалуы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тарапынан аса қырағылықпен қадағалануда. Құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, бүкіл халық болып қоғам дамуының тежегіші- сыбайлас жемқорлыққа ашық күрес жарияланды. Ол өз нәтижесін де беріп келеді. Еліміз дүние жүзі бойынша дамыған елдер қатарына көтеріліп, шетелдік компаниялар мен кәсіпорындардың біздің елде инвестиция салуына қызығушылығын арттыруда, инвесторлардың бұл орайда тәуекелге бару дәрежесі төмендеп, сенімі артып келеді.

         Ал, шетелдік инвестиция, дамыған елдердегі озық технологиялармен алмасу- еліміздің бақытты болашағының басты кепілдерінің бірі. Индустриялық- инновациялық дамуымыздың кілті, алғышарты.

         Қарапайым логиканың өзі қандайда болмасын жаман әдеттің,  дерттің мысқалдан басталып бара-бара бойды алып, арам кәсіпке айналатындығын, адам сол «кәсіптің» қалай басталып, қалайша оның шырмауынан шыға алмастай ілінгенін байқамай да қалатынын дәлелдеп келеді. Олай болса, сыбайлас жемқорлық «өркенінің» тамырына бастауында-ақ балта шабуға міндеттіміз. Ол үшін де түрлі шаралар іске асырылуда. Мысалы, қызметкерлер декларациялары, түрлі саладағы сенім телефондары, халық қырағылығының күшеюі. Бұлар сыбайлас жемқорлықпен күресу құралдары десек, оларды жұртшылықтың ел игілігі, отанымыздың болашағы үшін пайдалануы игілікті іс болып табылады. Біздің салық органдары да сыбайлас жемқорлық ошақтарының тұтану қаупі бар субъектілерді алалаусыз айырып отыруға міндетті. Себебі, сыбайлас жемқорлық салық түсімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады да мемлекеттік бюджеттің өсуіне қандай дәрежеде болмасын зиянын тигізері сөзсіз. Осыны жете түсінген салық жүйесі қызметкерлері бұл мәселеге үлкен мұқияттыпен ,жауапкершілікпен қарап, өз істерінің, өз істері арқылы кәсіпкерліктің дамып, өркениетті заманға сай қызмет жасауына лайықты ықпал етуде. Бір жылдары, әсіресе, нарықтық экономиканың бастапқы кезеңінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына бақылау органдары тарапынан мезгілсіз- мекенсіз тексерулер арқылы кедергі  жасалғаны есімізде. Осыны ескерген Елбасы кәсіпкерліктің қажетті дәрежеде өркендеуі үшін жөнді- жөнсіз тексерулерге мораторий жариялағаны өте пайдалы шешім болды. Себебі, сол жиі және орынсыз тексерулер сыбайлас жемқорлыққа итермелеп, оның дамуына жол ашатындығын дер кезінде байқады. Бұл шешім кім-кімнің де, тексерушінің де тексерілуші субъектінің де қолдарының таза болуына үлкен мүмкіндік жасап, жемқорлық ауруына шалдығудан сақтайды.

         Бүгінгі таңда жемқорлықты ауыздықтау, жемқорларды арамыздан аластату мәселесі жолға қойылып, дерттің алдын алу үшін барша халық болып қолға алуда. Әрине, сыбайлас жемқорлық деген кеселден тап-таза айығу оңай шаруа емес. Одан түгелдей арыламыз десек, ол утопия, қиял болар ма еді. Бірақ ,сол айығуға, арылуға жету үшін халық болып жұмыстанып келе жатқандығымыз,сыбайлас жемқорлықпен толассыз күресіміз болашағымыздың бақыттылығына, егемен еліміздің ертеңіне сенімімізді үстемелейтіні ақиқат.

Қамза Рахимбергенов

Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер

  басқармасының бөлім басшысы.








Аудан жаңалықтары
8 августа
Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, олардың шарттарына сәйкес импортталатын
 
8 августа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елбасының  қатаң талабы -  сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу. ҚР
8 августа
Ақсу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, келесіні хабарлайды.    Есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь
 
24 июля
17 июля
 
14 июля
«Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты
12 июля
 
12 июля
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ресми интернет сайтында (Kyzmet.gov.kz) анонимдік арыз-шағымдар қабылдайтын арнайы айдар
10 июля
Жемқорлықтың қандай түрі болмасын, қоғам үшін қауіпті. Бір замандарда жемқорлық пара беріп, пара алу көрінісі болып есептелетін. Жемқорлықтың бұл түріне
 
3 июля


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»