Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
311.89
Евро
 
339.02
Ресей рублі
 
5.59




Ауа-райы

Астана
 
+13
Алматы
 
+20




Дауыс беру

 









Аудан жаңалықтары

Мектеп бітіруші түлектерді мамандық таңдауға, нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіптік оқумен қамтамасыз ету қоғамның, мектептің, ата-аналардың алдында тұрған басты мақсат. 19 апреля 2017

Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керектігін біліп алу мектеп бітіргелі отырған түлектер үшін аса маңызды болып табылады. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап таба алуы керек. Мамандық – бұл адамның  ақылмен сүретін өмірі. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай білсеңіз  және сонымен бірге өзіңіз де дамысаңыз, сонда ғана биікке жететініңіз хақ.

Ақсу аудандық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен  2016-2017 оқу жылында  аудан бойынша мектеп түлектеріне  арналған  кәсіптік – таңдау жұмыстарына байланысты іс – шаралар   жүйелі жүргізіліп  жатыр.  Мектеп түлектерінің  мамандық таңдауына  қолдау көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан   іс – шараға  ауданның   мектептері қамтылуда.  Аудан бойынша                 24 орта мектеп бар.  2016-2017 оқу жылында  406 түлек  мектепті  бітіріп, болашаққа қадам басқалы тұр.  Оның 121 мектеп түлектері  колледждерге , техникалық  және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлайтын  оқу орнындарына  баруға тілек  білдіріп  отыр.

Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына қол ұшын беру мақсатында  аудандық  білім  бөлімінің ұйымдастыруыменАқсу ауданы Жансүгіров ауылы «Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында   үш мектептің басын қосумен  мамандық таңдауға байланысты бірқатар оқу орындары түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. Аудан орталығындағы үш мектептің түлектері  аталған іс- шараға үлкен жауапкершілікпен қатысты. Аталған іс шараға  Қ.И. Сәтбаев атындағы  орта мектеп- гимназиясынан -68 оқушы, Е.Сиқымов атындағы орта  мектебінен – 15 оқушы,   Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінен   - 36 оқушы қатысты.

      2017 жылдың  ақпан  айында  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  аталған мектептердің  түлектерімен кездесуге  Ақсу  политехникалық колледжінің мамандары шақырылды. 

Мектеп  түлектеріне  мамандық таңдауына  байланысты түсіндірме  жұмыстарын   ауданымыздың   Ақсу  политехникалық колледжінен  жетекші маманы Ө. Жақаев , мұғалімдері  Қ. Нысанбекова, Г. Балденова  келіп, аталған коллеждің тарихымен, тынысымен  таныстырды. Таныстыру барысында колледж өмірі жайлы  бейне таспа көрсетіліп, мамандыққа байланысты  сауалнамалар  үлестірді. Аталған оқу орны  түлектерді туған жердің экономикасын көркейтуге, жан – жақты дамытуға өз үлестерін қосу үшін  түрлі мамандық таңдауына  ұсыныс білдірді. Кездесу барысында  атадған мектептердің 10 астам түлектері  Ақсу колледжіне оқуға баратындығын  айтты.

 Наурыз  айында «Серпін»  бағдарламасы бойынша  маман  Рахат Оралбекұлы мектеп түлектеріне түсіндірме жұмысын жүргізіп өтті.  

2015 жылдан бастап  Қазақстанда  «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарлама  жұмыс  істейді.

Д.Серікбаев атындағы  Шығыс Қазақстан  мемлекеттік  техникалық   университетінен мектеп түлектерімен кездесуге келді.

« Серпін» бағдарламасының  мақсаты  -    халқы  тығыз  орналасқан   еліміздің  оңтүстік  аймақтарындағы  жастарды    кадр  жетіспеушілігін  бастан   кешіріп  отырған   Қазақстанның солтүстік, батыс   және  шығыс   өңірлерінде   оқытып, жұмысқа   орналастыру.    Бұл бағдарлама  былтыр   педагогикалық    мамандықтар   бойынша   іске асқан,  биыл  оның   аясы  кеңейіп,  техникалықжәне ауылшаруашылық  мамандықтарын   қамтып отыр. «Серпін»  бағдарламасымен   грант   негізінде  оқуға түскен  талап -керлер    жатақанамен  қамтамасыз  етіледі  және оқу   бітірген соң  жұмысқа орналастырылады.

 

 

Д.Серікбаев атындағы   ШҚМТУ  алаңыз  оқу    үшін  өзстуденттеріне барлық   жағдайды жасайды   жоғары  оқу орнында  әскери   кафедра , қоры бір  миллион  томнан асатын  заманауи  кітапхана, спорт залы,  ғылыми  зертханалар,   тұрмысқа қолайлыжатақхана, университетінің   «Простор»  спорт – демалыс  лагері бар, ол Бұқтырма   су  қоймасының  жағасында  орналасқан.

Университет мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Д.Серікбаев көшесі, 19. Тел: 8(7232) 54-03-54, 54-13-09. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сайты: www.ektu.kz, E-mail: odp@ektu.kz

 Сәуір айында Абай атындағы  Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінен білімгер – талапкерлерді қабылдау комиссиясының хатшы - кеңесшісі Бирталаев Ерлан Қадырұлы және жетекші мамандар              Мамзасанов Е.Н,  Жанкушков Б.О. келіп, мектеп түлектеріне   түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізуде жетекші мамандар төмендегідей  ақпараттармен хабардар етті.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті – еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны болып саналады .Оның іргетасы  1928 жылы қаланған және бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанның беделді  оқу орындарының  бірі болып саналады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытудың  барлық түрлері бойынша 2016 – 2017 оқу жылына  білімгерлерді қабылдайды.    Білім беру барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш қабылдау мерзімі 2017 жылдың 20 маусымынан  9-шы шілдесіне дейінгі аралықта қабылдайтыны туралы айтты. Талапкерлерге кешенді тестілеу 2017 жылы  шілде айының 17 – 23 жұлдыздары аралығында болады. Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтініштер 2017 жылы шілденің 23 – 31 жұлдыздары аралығында  қабылданады. Студенттер  қатарына қабылдау  жоғары   оқу  орнының   қабылдау комиссиясы тарапынан  2017  жылы  тамыз    айының   10- 25 жұлдыздары аралығында   жүргізіледі.   Университет   студенттері өзін – өзі басқару, жастар клубтары, спорт секциялары , көркемөнерпаздар  үйірмесіне қатысуға мүмкіндіктер бар.  Білім алу үшін студенттерге барлық жағдай жасалған. Университет қазіргі заман талабына   сай   заманауи  құралдармен жабдықталған.  Студенттердің қажеттілігіне    қарай    жатақханадан   орын   беріледі.

  Аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының басқаруымен «Нұр Арман» қайырымдылық білім беру  гранттарын беру жөніндегі арнайы партиялық жобасын түсіндіру, насихаттаужұмыстары 04.04. - 21.04.2017 жылдың  аралығында аудан бойынша 24 мектепті   жүргізілді.

«Нұр Отан» партиясы шетелдік  жоғары  оқу орнындарында  оқуға қайырымдылық  білім гранттарын  тағайындау бойынша «Нұрлы Арман» арнайы партиялық жобасына қатысу үшін мектеп бітіруші түлектеріне   құжаттар қабылдау туралы  хабарлама жасады.

«Нұрлы Арман»  жобасы бакалавриат бағдарламасы бойынша  оқу үшін дарынды, келешегі мол жастарды  қолдауға бағытталған.

Мақсатты аудитория: әлеуметтік көмекке мұқтаж  жастар, оның ішінде  жетім балалар, ата- анасының қамқорлығынан  айырылған балалар, мүгедектер, мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақы алатын отбасыларынан, көп балалы және толық емес  отбасыларынан шыққан балалар.

Грант оқу құнын ай сайынғы стипендеяны, медициналық  сақтандыруды, оқитын орнына дейін  және кейін қарай жылына 1 рет әуе көлігімен ұшып -қону,  оқудың барлық кезеңіне  визалық қолдауды қамтиды.

Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 1- мамыр мен 10- маусым аралығында жүзеге асырылады.  Қатысушыларға қойылатын  талаптар мен жобаға қатысу үшін  қажетті құжаттар тізбегі «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінің сайтында www.spm.nurotan. («Қызмет»-«Нұр Арман» жобасы» бөлімінде) орналыстырылған.

         Кездесу барысында  оқушылардың қойған  сауалдарына  оқу орнындарынан келген мамандар нақты, дәлелді жауап  бере білді. Мектеп түлектеріне оқу орнындарының тарихы туралы кітапшалар, мамандық түрлері туралы  нұсқаулықтар берілді. 

         Болашаққа   қадам   басқалы   отырған  мектеп түлектерінің  мамандық таңдауына   оң  ықпалын  тигізетін  осындай  іс – шаралардың   болуы  жарқын болашақтың  бастауы.

 

Аудандық білім бөлімі








Аудан жаңалықтары
24 апреля
Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама
 
19 апреля
Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керектігін біліп алу мектеп бітіргелі отырған түлектер
19 апреля
       Әлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың жүз тоқсан екісі ғана тәуелсіз болып, мемлекеттік деңгейге жетті. Соның бір де
 
19 апреля
     Салық төлеуші   әрбір көлік құралы бойынша салық  ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
19 апреля
Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті, Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру
 
19 апреля
.Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағы: 25-1) «қыздырылатын темекісі бар өнімдер» және 45-2) «электрондық сигартеттер» ұғымымен толықтырылды;
19 апреля
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес
 
19 апреля
              «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмені өткізуге дайындық шегінде Мемлекет басшысының ЭКСПО билетінің құнын теміржолмен жол жүру құжаты (билеті) құнына қосу
18 апреля
ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және
 
17 апреля
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»