Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
311.89
Евро
 
339.02
Ресей рублі
 
5.59




Ауа-райы

Астана
 
+13
Алматы
 
+20




Дауыс беру

 









Аудан жаңалықтары

Жолдау болашақ кепілі!! Саясат пен парасат 19 апреля 2017

       Әлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың жүз тоқсан екісі ғана тәуелсіз болып, мемлекеттік деңгейге жетті. Соның бір де бірегейі – Тәуелсіз Қазақстан! Қасиетті қара жерді жаратқан, күмбездей көк аспанды шегесіз орнатқан құдіреті күшті, мейірім-шапағаты мол Алла Тағаланың қазақ халқына сыйлаған ерекше екі бақыты бар. Оның бірі  – ата-бабаларымыз, ақ жаулықты асыл аналарымы ғасырлар бойы аңсаған  Тәуелсіздік, екіншісі – Тәуелсіздіктің көк байрағын нық ұстап, халықты «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік Елге» –  бақытты болашаққа бастап келе жатқан Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!  Бұл ой-пікіріміздің ажарын ашып, айқындайтын мың мысал, дәлел, деректің бірер мысқалын ғана айталық. Бағзыдан қалыптасқан мемлекетті басқару да оңай емес. Быт-шыты шыққан қирандының орнынан жаңа мемлекет құрып, қалыптастыру – инемен құдық қазғанмен, тақыр шөлейт жерді Жиделі байсынға айналдырумен тең.

                   Жаңа тұрпатты мемлекетті құрған Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен айтсақ: «Ел болудың, мемлекет болудың жөн-жобасын көрсетіп, көмекке келген ешкім болған жоқ. Біз бәрін де тыңнан бастап, халқымызбен бірге қалыптастырдық. Жоқтан бар жасадық, барды берекеге айналдырдық. Сол ырысты өсу мен өркендеудің негізі етіп алдық». Осы тұста Қазақстан дамуының өзіндік моделі туралы Президент сөзі ойға оралып тұр: «Біз — алыс сапарға бел буып, кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз, елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын кемеміздің тұғырына ту етіп байлаған елміз».  «Ұлт жоспары – Қазақстанды арманға бастайтын жол» деп аталған Жолдау мемлекеттік идеяның түп қазығы – біздің жалпыұлттық аңсарлы бастау алатынын жан-жақты ашып көрсетуге бағытталды. «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды», деген сөз жалаң ұран емес».  Елбасының өзі таңдап, талғап алған бұл бағдаршам бағыт еліміз үшін адастырмас ақжұлдызға айналды. Бұл стратегияның кең пішілген кемел ойлы тактикасы да бар. Осыған орай Президент былай деп жазды. «Уақыт бізді таңдады! Біз сол уақытқа өзіміздің мемлекеттік мөріміз – тәуелсіз Қазақстанның атын жаздық. Өйткені, біз жаңаша

армандауды, жаңаша жол табуды үйрендік. Ел мен қоғамды дамытудың нақты міндеттерін алға қоюды үйрендік. Біз үйрене отырып, үлгілі жолға түстік. Бұл жол  – енді біздің жол, Қазақстан жолы.  Осылайша, Тәуелсіздіктің 25-жылына қазақстандық жаңа арманмен аяқ бастық. Оның басты мақсаты – «Қазақстан-2050» Сратегиясын жүзеге асырудан толық көрінетін болады. Осы ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның  әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіруін межелеп отырмыз. Бұл – қазақстандық арман. Аңсарлы арманды абыроймен орындау жолында туған еліміздің бірлік пен ынтымақ танытып, жұмыла еңбек етуі – барлық жеңістеріміздің алтын тұғыры болып, абыройлы биігіне айналмақ». Ғасыр мен ғарышты қатар игеріп келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан «Нұрлы жолмен» «Мәңгілік Елге» нық сеніммен аршындап барады!

Тәуелсіздігімізге ширек ғасыр! Тарих үшін қас-қағымдай ғана қысқа уақытта Қазақстан ғасырларға тең таңғажайып табыстарға жеткенін бүкіл әлем көріп, таңдайлары тақылдап таң қалып отыр. Елдің бәріне белгілі жайларды тізбелеп жатпай-ақ, Төраға болып төрге озып, Астана Саммитін өткізгенімізді, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болғанымызды айтсақ та жеткілікті. Қазақ халқы бүгінде бұрын үш ұйықтаса түсіне кірмеген бақытқа кенеліп отыр.  Осының бәрі алдағыны көретін, алысты болжайтын кемел ойлы кемеңгер Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана да дара, салиқалы, сарабдал, парасатты саясатының жемісі.

 

Ақсу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы

 








Аудан жаңалықтары
24 апреля
Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгінгі күннен бастапэлектрондық үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама
 
19 апреля
Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керектігін біліп алу мектеп бітіргелі отырған түлектер
19 апреля
       Әлемдегі бес мыңнан астам ұлт пен ұлыстың жүз тоқсан екісі ғана тәуелсіз болып, мемлекеттік деңгейге жетті. Соның бір де
 
19 апреля
     Салық төлеуші   әрбір көлік құралы бойынша салық  ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.
19 апреля
Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті, Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру
 
19 апреля
.Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағы: 25-1) «қыздырылатын темекісі бар өнімдер» және 45-2) «электрондық сигартеттер» ұғымымен толықтырылды;
19 апреля
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес
 
19 апреля
              «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмені өткізуге дайындық шегінде Мемлекет басшысының ЭКСПО билетінің құнын теміржолмен жол жүру құжаты (билеті) құнына қосу
18 апреля
ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының объектілерін аралады. Ақпарат және
 
17 апреля
Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»