Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
323.13
Евро
 
367.08
Ресей рублі
 
5.43




Ауа-райы

Астана
 
+19
Алматы
 
+17




Дауыс беру

 









Легализация

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №959 қаулысына сәйкес Ақсу ауданы әкімдігінің 2014 жылы 02 қыркүйекте «Ақсу ауданы әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету бойынша комиссияны  құру туралы» №509 қаулысы қабылданды.
Бүгінгі күнге Ақсу ауданы бойынша барлығы 5 (бес) өтініш комиссия қарауына түсті. Оның ішінде: 1 өтініш қанағаттандырылып комиссия жария етуге шешім қабылдады. 4 өтініш комиссия шешімі негізінде және жоғарыдағы Заңның 2, 3 және 7, 10, 11 баптарына сәйкес қанағатитандырусыз қалдырылды.
1. Жария етуге мынадай мүлік:
1) ақша;
2) бағалы қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
2. Мынадай мүліктер:
1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;
2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;
3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;
4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.
3. Сонымен қатар:
1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;
3) кредиттер ретiнде алынған ақша;
4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;
5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.





Аудан жаңалықтары
26 июня
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған бір жолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтерін ресімдеу рәсімін жеңілдете
 
26 июня
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуі қажет емес. Бұл
23 июня
Алматы, Қазақстан. 2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады. 2017 жылғы 1 мамырдағы
 
23 июня
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы
23 июня
«Армысыз! Қанеки, емін-еркін әңгімелесейік! Маған жақынырақ келіңіз! Сізге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтері жайлы әңгімелеп берсем деймін».
 
23 июня
Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары  өзара оңтайлы үйлестірілген.
23 июня
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
 
21 июня
 «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  2017 жылдың 22 мамырында аудан әкімі Ә.Далбағаевпен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілер күні»
14 июня
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ. 11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы»  мекен - жайы бойынша
 
13 июня
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»