Валюта бағамдары

АҚШ доллары
 
323.13
Евро
 
367.08
Ресей рублі
 
5.43




Ауа-райы

Астана
 
+19
Алматы
 
+17




Дауыс беру

 









Аудан туралы



Ақсу ауданы

 

Ақсу ауданының гербі

 

Аудан гербі - әкімшілік-аумақтық бөлініс ретінде ауданның дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелеген, оның әлеуметтік – тарихи жолын даралау мақсатында жасалған айырымдық белгі, рәміздік мәндегі таңба. Аудан гербісін дайындау Ақсу аудандық Мәслихатының бастамасымен қолға алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, гербтің алғашқы жобасы дайындалды.

 

Жоба авторы – жергілікті суретші Бұқарбаев Камалбек. Жоба жөнінде мамандардың, белсенділердің  ұсыныс-пікірлері жинақталды, талқыланды. Аудан гербінің  соңғы нұсқасы 2004 жылғы 20 ақпанда аудандық  Мәслихаттың 6-шы сессиясында бекітілді.


 

Аудандық таңбаның шеңбер түрінде болуы- ол елімізде осы жүйеде қалыптасқан негізгі бейнелеу түрі болып табылады. Шеңбер және оның көк, сары жолақтармен  айқындалуы – ашық аспанды, күнді, күн шуағына бөленген аудан халқының ынтымағын,  береке- бірлігін білдіреді. Таңба ішінің жоғары  жағында тау шындары,  төменірек су толқындары  бейнеленген.

 

Олар ауданымыздың  жағрафиялық аймағы биік тау мұздақтарынан бастап, Балқаш көліне дейін созылып  жататынын көрсетеді. Екінші жағынан  толқындардың көбірек көрсетілуі – ауданымыздың  атауына негіз болған Ақсу және  басқа да өзендерді, жалпы су молшылығын ерекшелейді. Гербіде құс-жануарлар  қатарынан қыранның таңдалып алынуы кездейсоқтық емес. Қыран  бейнесі  ауданның бұрынғы  эмблемаларында да болған.

 

Аудан табиғатында  тау мен дала  қырандарының өзіндік  ортасы, орны бар. Оның  көкке қарай самғай  көтерілуі –аудан халқының әр кезде де дәуірлеп  табыстар биігіне өрлей беретін мақсаткерлігін көрсетеді.
Гербінің  ортасында қосарлана  бейнеленген кітап  парақтары мен домбыра – мол ұлттық  рухани байлығымызды, ғылым, өнер және  мәдениет  саласының барынша дамығанын,  тарих  бетінде  өшпес  іздерін  қалдырған  халқымыздың көптеген танымал тұлғалары шыққан  өңір  екенін білдіреді.   

 

Шеңбер  ішінің  екі жағын  көмкерген  бидай масақтары аудан  экономикасының  негізгі саласы – ауыл шаруашылығы екенін айқындайды. Сонымен бірге, сол масақтардың дәндері,  ауданымыздың төл дақылы – қант қызылшасының  түбірлерін де бейнелеп тұр. Гербінің төмен жағын мемлекеттік  туымыздың  түсіндей ленталық жолақ көмкереді.

 

Онда ауданымыздың атауы анық оқылады, ал екі қапталындағы ою- бір жағынан ұлттық өрнек болса, екіншіден аудан  тұрғындарының негізінен қазақ ұлты екенін білдіреді.
Бекітілген шешімге сәйкес герб аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, кәсіпорындарда,  саяси-қоғамдық, салтанатты шаралар өтетін орындарда пайдаланылады.  

 

Әкімшілік құрылымы

 

 Ақсу ауданы Алматы облысының оңтүстік- шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 12,6 мың шаршы шақырым.Тұрғын халқы 39 мың адам, олардың орналасу тығыздығы- 1 шаршы шақырымға 3 адамнан. 77 35 және 80 25 шығыс бойлық пен 46 35 және 44 40 солтүстік ендікте жатқан аудан батысында Ескелді, Қаратал аудандарымен, солтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Сарқан ауданы, оңтүстік- шығысында  КХР- мен шектеседі.

 

Орталығы- Ілияс Жансүгіров атындағы поселке, облыс орталығынан 120 шақырым жерде. Аудан құрамына 18 поселкелік, ауылдық округтерге қарасты 50 елді мекен кіреді. Олар- Жансүгіров, Матай, Молалы поселкелік, Ақсу, Арасан, Егінсу, Есеболатов, Жаңалық, Қарасу, Қаракөз, Қарашілік, Қапал, Құрақсу, Қызылағаш, Қызылту, Көшкентал, Ойтоған, Суықсай ауылдық округтары.

 

 

 





Аудан жаңалықтары
26 июня
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге арналған бір жолғы төлемдерді тағайындау» композиттік қызметтерін ресімдеу рәсімін жеңілдете
 
26 июня
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дайын жүргізуші куәлігін алу үшін күтуі қажет емес. Бұл
23 июня
Алматы, Қазақстан. 2017 жылдың 4 айы ішінде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгені құрады. 2017 жылғы 1 мамырдағы
 
23 июня
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы
23 июня
«Армысыз! Қанеки, емін-еркін әңгімелесейік! Маған жақынырақ келіңіз! Сізге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтері жайлы әңгімелеп берсем деймін».
 
23 июня
Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары  өзара оңтайлы үйлестірілген.
23 июня
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
 
21 июня
 «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  2017 жылдың 22 мамырында аудан әкімі Ә.Далбағаевпен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілер күні»
14 июня
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ. 11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы»  мекен - жайы бойынша
 
13 июня
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260


Республиканың жаңалықтары



Государственные ресурсы
              




Таратулар


Аппарата акима Аксуского района





Карта района







Сайт бойынша іздеу









  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Электронное правительство Республики Казахстан
  • Программа «Доступное жилье – 2020»
  • Жилстройбсербанк Казахстана
  • Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
  • Агентство Республики Казахстан по защите конкуренции
  • Суд Евразийского экономического сообщества
  • Министерство регионального развития РК
  • Народное IPO
  • Министерствo труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
  • Программа занятости 2020
  • База данных нормативных правовых актов
  • Правовая информационная служба
  • Официальный сайт Парламента Республики Казахстан
  • Министерство внутренних дел Республики Казахстан
  • Министерство юстиции Республики Казахстан
  • Агентство по делам государственной службы
  • Правительство Республики Казахстан
  • Акционерное общество "Казконтент"
 
2009-2017 © Информационный портал Аппарата акима Аксуского района
Сайтты өңдеу және қолдау: Интернет-компания «Creatida»